17 қазанда учаскелік полиция инспекторы өзен жағасына дейін барып, сол жерден біткен көлік дөңгелегінің ізін анықтады. Жамандықты сезген полицейдің түйсігі алдамады.
Аталған хабарлама бойынша Атырау облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері сол жерге барып, өзенге батып кеткен Niva автокөлігін шығарып алды. Көлікті су ішінен шығарғаннан кейін ішінен екі ер адамның мүрдесі табылды. Құжаттары бойынша олардың 1971 ж.т. және 1981 ж.т. азаматтар екені анықталды. Екеуінен де ешқандай дене жарақаты анықталмады.
Бейнекамераларды тексерген кезде, 16 қазан күні сағат 23:18 шамасында көліктің жоғары жылдамдықпен суға түсіп, батып кеткені анықталды. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ПД жолдаған сурет