Атырау, 28 қыркүйек 16:17
 ашықВ Атырау +14
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

КРІ қызметкерлері тал егіп, эстафета жолдады

1 674 просмотра

Биыл “КРІ Inc.” полипропилен өндіретін зауыттың іске қосылғанына бір жыл толуына орай,  компания қызметкері сенбі күні «Эко сенбілік» ұйымдастырып, кешеннің аумағына жүзден астам күл ағашын отырғызды. Жазда сая, қыста қамсау болатын теректерді отырғызуға мекеменің 150-ге жуық қызметкері қатысты. 

 - 8 қарашада біздің кешеннің ресми іске қосылғанына 1 жыл толады. Осы жыл ішінде компанияның тұрақты даму бағдарламасы әзірленді. Оның ішінде экологиялық жобалардың орны ерекше. Бүгіннен бастап, компаниямыздың 1 жылдығын атап өту  аясында жоспарланған іс-шараларымыз басталды. 8 қарашаға дейін ұжымдастар арасында түрлі бағыттағы шара ұйымдастырлады. Бүгінгі өтіп жатқан эко сенбіліктің біз үшін маңызы зор. Бұл ұжымды біріктіріп қана қоймай, кешенімізге көрік беріп, ауа айналымының жақсаруына көмектеседі,-дейді «KPI Inc.»  ЖШС атқарушы директоры Дамир АШИМОВ.

 «КРІ Inc.» компаниясы мұндай экологиялық акцияларды дәстүрлі түрде ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Экологиялық акцияны қолдауға «ЕмбіМұнайГаз» компаниясынан да әріптестер келді. Шара соңында тал егу челленджін Ембіліктерге жолдады.

 Сенбінің жаймашуақ күнінде әріптестеріміз ұйымдастырған акцияға ұжым атынан бір топ қызметкер қатысып, жолданған челленджді ыстық ықыласпен қабылдайтынымызды жеткізейік деп әдейі келдік. Керемет акцияны бастап, келесі болып жалғастыруды бізге ( ЕмбіМұнайГаз) тапсырған КРІ-лықтарға көп рахмет. Жақын арада біз де ағаш отырғызу акциясын өткізетін боламыз,-деді «Ембімұнайгаз» компаниясының Еңбек және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Ануарбек КАРИМОВ.

 «КРІ Inc.» қызметкерлері бір жылдық мерейтой аясында ұжымның бірлігін арттыратын осындай бағдарлама ұйымдастырып жатқан басшыққа дән риза.

 - Теректер ертең-ақ жайқалып шыққанда бұл ағашты мен еккенмін деп мақтанатын боламыз. Бұл кешенге көрік береді, экологияның жақсаруына үлес қосады. Компания іске қосылған бір жыл ішінде жеткістіктер де, қиындықтар да болды. Жылдан жылға кешеннің жоспарды орындауына бар күшімізді салатын боламыз. Барша ұжымды атаулы датамен құттықтаймын. Алда ұйымдастырылатын барлық шараға белсенді қатысайық деймін, -дейді PP өндірісінің ауысым басшысы Әли Айтқалиев.

 Компанияның іске қосылғанына 1 жыл толуына орай, “Kazakhstan Petrochemical Industries Inc” қызметкерлері арасында әлеуметтік, интеллектуалдық, спорттық, мәдени бағыттағы шаралар 8 қарашаға дейін жалғасады.

 Еске салайық, еліміздегі газ-химия кешенін былтыр 8 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына сапары кезінде іске қосқан болатын. Кешен 631 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Зауыт толық өндірістік қуатын (500 мың тонна) орындағанда полипропилен өндірісі бойынша әлемдік нарықтағы ең ірі ойыншылармен бір қатарға шығады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

18 қазан 2023, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.