Атырау, 23 қараша 01:45
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Бәтіңкемнің ақшасын қайтарыңыз!»

877 просмотра
freepik.com

Атырау тұрғынына желімі ашылған бәтіңкесінің ақшасын қайтару үшін Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінуге тура келді.

Белгілі болғандай, ол қаладағы базарлардың бірінен ақауы бар бәтіңке сатып алып, екінші күні оның табаны түсіп қалған. Сатушы аяқ киімнің киілгенін алға тартып, ақшаны қайтарудан үзілді-кесілді бас тартып, сатып алушыға аяқ киімді басқа жаңа аяқ киімге айырбастауды ұсынады.

Бағына орай, бұл мәселе «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 15-бабы бойынша сәтті шешілді. Бұл бапқа сәйкес, тиісті емес сападағы тауар сатылған жағдайда тұтынушы, егер сатушы оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса, өз таңдауы бойынша сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді, тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды талап етуге, тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді, соған ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды, сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (моделді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды, шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы. 

Сатушыға заң ережелерін департамент қызметкерлеріне түсіндіруге тура келіп, ер адам ақшасын қайтарып алған. Айтпақшы, сатып алушының мүдделерін қорғаушылар, егер мәселеңізді өз бетіңізше шеше алмасаңыз, олар қашан да көмектесуге дайын екенін еске салады. Олардың байланыс нөмірі 7 (705) 860-93-40.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

17 қазан 2023, 19:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.