Атырау, 26 қараша 23:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырауда жеке үйлердің қожайындары ассенизатордың бағасына қарсы шықты

816 просмотра

ЖСДП Атырау облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына қала тұрғындары бір рет бару үшін 8-12 мың теңге тұратын ассенизатор көліктері қызметінің қымбаттығына шағымданды. Ал олардың қызметін айына екі рет пайдалануға тура келеді.

Өздеріңізге белгілі, облыс орталығы тұрғындарының 70-80 пайызы жеке үйде тұрады, олардың басым көпшілігі орталық кәріз жүйесіне қосылмаған. Автономды кәріз-септиктің құрылысы 200-400 мың теңге тұрады.

Мәселені зерделеп, шешімін табу үшін филиал басшылығы жеке ассенизатор машиналарының иелерімен, облыстық су арнасының бас инженерімен, Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлерімен кездесті. Барлық ұсыныстар жергілікті атқарушы органдарға жолданады.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

17 қазан 2023, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.