Бұрын істен шыққан онкология мен сәулелік терапияға қолданылатын Тератрон аппараты қайта іске қосылды.
Белгілі болғандай, бұл аппарат істен шығып, науқастардың наразылығын тудырып жүрген болатын.
Атырау облыстық онкология диспансері бұл қолайсыздық үшін емделушілерден кешірім сұрайды. Аталмыш қондырғының құрал-жабдығы шетелден алынған.
Бүгінде емделушілер осы аппарат арқылы ем қабылдауда.
«Осы уақытқа дейін Орал және Ақтөбе облыстарында тұрғындар портал арқылы емделді», - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Онкология диспансері ұсынған сурет