«Атырау облысы Су Арнасы» КМК нысандар мен желілерді алдағы қысқы маусымға дайындады.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынның су құбыры және кәріз желілері, сорғы станциялары, тазарту құрылғылары, су жинағыштар, қазандық пен жылумен қамту нысандары қысқы жағдайда жұмыс істеуге 100 пайыз дайын.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, күзгі-қысқы кезеңде сумен жабдықтау жүйесінде технологиялық олқылықтың туындауына температураның 0°С белгісінен бірнеше градусқа төмендеуі түрткі болады.
Температураның төмендігі салдарынан болатын технологиялық олқылықтардың себебі дегеніміз – бұл топырақтың маусымдық қозғалысы, су құбырымен тасымалдау кезінде су температурасының төмендеуі және қардың болмауы.
«Атырау су арнасы» бұл табиғи сынақтарға дайын екенін алға тартады. Кәсіпорын мамандары ақауларды жою үшін дер кезінде сол жерге келіп, су құбырынан ажыратылатын абоненттер санын азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Ол үшін уақытша су құбыры жүйесі қолданылады.
Жомарт ӘМІРХАНОВ