Мәселен, «Заңсыз келуші-2023» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Атырау станциясындағы теміржол вокзалы ғимаратының асханасында Өзбекстан Республикасының 5 азаматы еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырды. Шетелдік құқықбұзушыларға қатысты сот шешімімен әрқайсысына 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Жұмыс беруші жеке кәсіпкерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі ("Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы") бойынша әкімшілік хаттама толтырылып 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Көліктегі полиция департаменті өңілдері жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуы үшін шетелдіктің еңбек қызметін жүзеге асыруға шақыратын аймақтағы жергілікті атқарушы органға жүгіну қажет екенін ескертеді.
Жомарт ӘМІРХАНОВ