Атырау, 26 қараша 23:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырауда бір аптада 18 мас жүргізуші анықталды

Бейнежазба
655 просмотра
Бейнежазбадан алынған скриншот

Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері өткен аптада көлікті мас күйінде басқарған 18 адамды анықтап, оларға қатысты тиісті шара қолданды.

Көлікті мас күйде жүргізгендердің екеуі бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта бұл деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлікті басқаруы...» деген 346-бабымен қылмыстық істер тергелуде.

16 жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар жасалып, сот шешімімен 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыру және 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

17 қазан 2023, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.