Атырау, 26 қараша 23:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ақтөбеге сапар: жол құрылысына 6 миллиард 200 миллион теңге жұмсалады

Сурет
780 просмотра

Қызылқоға ауданында «Миялы-Ойыл» автокөлік жолының құрылысы басталды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Енді қызылқоғалықтарға көрші Ақтөбе облысымен байланыс нық орнап, қарым-қатынас жақсаратын болды. Азық-түлік, басқа керек-жарақтарын тасымалдау үшін жеке кәсіпкерлер үшін де зор мүмкіндік жасалуда.

Жалпы құрылыс жұмыстары 2023-2024 жылдарға жоспарланған. Ұзындығы 18,5 шақырымды құрайтын автокөлік жолын жасауды конкурс қортындысы бойынша мердігер «Маңғыстау жол құрылысы материалдары комбинаты» АҚ. Мердігер мекеме 16 шақырым жолдың топырағын көтеру (грунт) жұмыстарын толық аяқтап бітірген. Бүгінде су өткізгіш тұрбалары және мал өткелдерін салу жұмыстарын жасау жалғасуда. Жалпы бұл жоба құны млрд 200 млн теңге.

Мердігер бұл жұмысты келесі жылы бітіріп тапсыруы тиіс.    

Ләззат ҚАРАЖАНОВА         

ӨКҚ ұсынған суреттер

18 қазан 2023, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.