Атырау, 26 қараша 23:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Соттар 9 айдың есебін берді

744 просмотра

Атырау облыстық сотында облыс соттарының 2023 жылдың 9 айындағы жұмысын қорытындылау бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

Кеңейтілген кеңес жұмысына облыстық сот төрағасы Мухтар ПАРМЕНОВ, облыстық соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, Соттар әкімшілігі департаментінің басшылығы, қалалық және аудандық соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

Жаңалықтардың бірі ҚР Президентінің 2023 жылғы 06 қазандағы Жарлығымен АМАНТАЙ Әсел Амантайқызы Атырау қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы лауазымына тағайындалды.

Кеңес барысында сот алқалары төрағаларының 2023 жылғы 6 айдың жұмыс қорытындысы бойынша баяндамалары тыңдалды.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Тәтті УАЛИЕВА соттарға түсіп, аяқталған қылмыстық істердің, бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғалар санының, ақтау үкімдерінің, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер санының артқанын атап өтті. 2023 жылдың 9 айында облыс соттарымен 1 201 тұлғаға қатысты 928 іс қаралды, оның ішінде 834 тұлғаға қатысты 637 іс үкім шығарумен аяқталып, 800 тұлға сотталды, 34 тұлға ақталды. Медиатордың қатысуымен 18 қылмыстық іс қаралды (11,5%).

Апелляцияда 240 тұлғаға қатысты 174 іс қаралды, сотталған, ақталған тұлғалар есебінен 30 тұлғаға қатысты 10 үкімнің күші жойылды (2,9%), 21 тұлғаға қатысты 16 үкім өзгертілді (2%).

Облыс соттарымен 11 866 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Апелляциялық сатыда 244 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, нәтижесінде 24 қаулының күші жойылып, 11 қаулы өзгертілді (0,3%). Медиацияны қолданумен 555 іс қаралды (33,3%).

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мәтен ЕРҒАЗИЕВ облыс соттарына келіп түскен талап қоюлар санының және татуластыру рәсімдерін қолданумен аяқталған істер санының артқанын атап өтті.

Есепті кезеңде облыс соттарымен 10 241  азаматтық іс қаралып, оның ішінде 5 793 іс бойынша шешім шығарылған.
Татуластыру рәсімдерімен аяқталған азаматтық істердің саны  1 289 істі құрады. Сотқа дейінгі хаттаманы қолданумен 791 іс қаралды.

Апелляциялық тәртіпте 578 іс қаралды, оның ішінде 45 сот актісінің күші жойылып (0,8%), 72-і өзгертілді (1,2%). Азаматтық істер бойынша облыс соттарымен 86 жеке ұйғарым шығарылды.

Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Анаргүл САЛИХОВА әкімішілік әділет жұмысы туралы ақпарат беріп, әкімшілік істер бойынша талап арыздар санының артқанын айтты.

Есепті кезеңде облыс соттарымен 701 әкімшілік іс қаралды, оның ішінде шешім шығарумен 264 іс қаралды. Қанағаттандырылғаны – 184 (69,7%), қанағаттандырудан бас тартылғаны - 80 (30,3%).

Апелляциялық алқамен 221 әкімішілік іс қаралды, бұл бірінші сатыдағы сотта аяқталған істер санының 31,5%-ын құрады.

Татуластыру рәсімімен 91 әкімшілік іс қаралды (11,5%). Әкімшілік істерді қарау нәтижесі бойынша 23 ақшалай өндіріп алу қолданылып, 27 жекеше ұйғарым шығарылды.  

Одан кейін аудандық және қалалық соттардың төрағаларының баяндамалары тыңдалды.

Жұмысты қорытындылай келе, облыстық сот төрағасы М.Парменов қоғамның сот төрелігіне деген сенімін арттырудың мңыздылығын атап өтті.Сот төрағаларына ескертулер бере отырып, сот төрелігін жүзеге асыру бойынша жұмысты жандандыруды, сот актілерінің сапасын арттыруды, істерді қарау мерзімдерін кешіктіруге жол бермеуді, заңнама талаптары мен әдеп нормаларын қатаң сақтауды талап етті. Алқа төрағаларына жұмыс сапасын жақсарту бойынша жеке тапсырмалар берді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі ұсынды

17 қазан 2023, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.