Оқиға 14 қазанда республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 352 шақырым тұсында орын алды. Toyota Ipsum автокөлігі 15 бас қойды қағып кетті. Тексеру кезінде екі жақтан да қате кеткені анықталды. 1969 ж.т. қойлардың иесі тас жолдың мал айдауға арналмаған жерінен қиып өтпек болған. Ал 1969 ж.т. жүргізуші жолда сақ болу туралы ескертуді ескермеген.
"Малдың иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жауапқа тартылды, - деді Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының командирі Адилбек ШАХМЕТОВ.
Полицияның берген мәліметіне сәйкес, 9 айда Атырау облысы аумағындағы республикалық тас жолда қараусыз үй жануарларының қатысуымен 94 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Иесіз мал жайылымының алдын алу мақсатында ҚР ӘҚБтК 408-бабы ("Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу") бойынша 583 тұлға жауапкершілікке тартылды.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА