Кеше кешке Брюссельде болған атыс салдарынан екі адам мерт болды, күдікті әлі ұсталған жоқ. Бұл туралы «Франс Пресс» агенттігі Бельгия астанасы прокуратурасына сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
Het Laatste Nieuws фламанд газетінің сайтына салынған видеода флуоресцентті қызғылт сары күртеше киген адам автомат винтовкадан бірнеше рет оқ атып, скутермен жасырынып қалғанын көруге болады. Прокуратура өкілі оқ жаудыруға не себеп болғанын бірден айта алмайтынын, оқиғаға байланысты тергеу басталғанын мәлім етті.
Шабуылдаған адам «Аллаху Акбар!» деп айқайлап, «Ислам мемлекеті» тобына қатысы бар екенін және осы арқылы «мұсылмандар үшін кек алуды ойлағанын» айтқан.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қаза тапқандар – швед азаматтары. Олар Еуропа чемпионатының іріктеу турнир матчы аясында Бельгия құрамасымен ойнау үшін Брюссельге келген Скандинавия командасының киімін киген. Сондай-ақ куәгерлердің сөзінше, олардың автокөлігінде Израиль туы болған.
La Libre басылымының мәліметі бойынша, шабуылдан кейін Бельгия лаңкестік қауіп дәрежесін ең жоғарғы 4-ке дейін көтерді. Бұл оның «маңызды әрі қашып құтыла алмайтындай» екенін білдіреді. Бельгия-Швеция ойыны үзіліс кезінде тоқтатылды – швед ойыншылары матчты жалғастырудан бас тартты, Бельгия құрамасы келісті. Швеция футбол қауымдастығының президенті эвакуацияланды.
Стадионға жиналған жанкүйерлер мен журналистер да күзет бақылауына алынды.