Атырау облысы полиция департаменті хабарлайды: 16 қазан сағат 14:20 шамасында Азаттық даңғылы бойында 1991 ж.т. азамат Opel Astra автокөлігін басқара отырып, реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен үш жаяу жүргіншіні қағып, жол көлік оқиғасын жасады.
Нәтижесінде 1998 ж.т. азаматша және 1980 ж.т., 1967 ж.т. азаматтар жедел-жәрдем көлігімен Атырау облыстық ауруханасына жеткізіліп, азаматтар ауруханаға жатқызылды. Оқиға бойынша көлік құралы арнаулы тұраққа қойылып, тиісті іс-құжаттар жинақталуда.