«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі «Арнаулы халыққа қызмет көрсету орталығы» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын ескертеді. Осыған байланысты қызметтер уақытша дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Ведомство сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде банктік қосымшаларда (Kaspi, Halyk және т.б.), eGov Mobile қосымшасында және eGov.kz электронды үкімет порталында алуға болатынын хабарлайды.
Жомарт ӘМІРХАНОВ