Ұлттық статистика бюросы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі ахуал бойынша ҚР автокөлік құралдарының саны туралы мәліметтерді жариялады.
Мәселен, өткен айдың бірінші күніндегі ахуал ҚР-да 5 085 427 көлік тіркелсе, оның ішінде 141 402 көлік Атырау облысына тиесілі, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,5%-ға артық.
Өңірде 119 460 жеңіл автокөлік, 16 458 жүк көлігі және 5 484 автобус тіркелген, оның 78,17 пайызы бензин, 11,03 пайызы дизель отынымен жүреді, 9,62 пайызы гибридті (ГБЖ+бензин, электр+бензин) және т.б.
Атырау облысында көлік иелері арасында электрокөлік соншалықты танымал емес, олардың саны 55 дана ғана.
Өңірдегі автопарктің жасы келесідей:
- 10-20 жыл - автомобильдердің 30,85%;
- 7-10 жыл - автомобильдердің 23,05%;
- 20 жылдан астам - автомобильдердің 21,7%;
- 3 жылға дейін - автомобильдердің 12,25%;
- 3-7 жыл - 12,12% автомобильдер.
Жомарт ӘМІРХАНОВ