Бұған дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне «Qaz Energy» ЖШС-нен («Әлем-Павлодар») «Атырау Жарық» АҚ-ның заңсыз әрекеттеріне, атап айтқанда, электр энергиясын беру қызметтерін көрсетуге шарт жасасудан бас тартуға қатысты шағым келіп түскен.
Жоғарыда аталған шағым негізінде ТМРКД «Атырау Жарық» АҚ-на табиғи монополиялар туралы заңнаманың сақталуына қатысты жоспардан тыс тексеру тағайындады.
Тексеру нәтижесі бойынша, 2022 жылғы 3 мамырда ТМРКД «Атырау Жарық» АҚ-ға қатысты әкімшілік іс қозғап, ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы №58 бұйрығымен бекітілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету туралы үлгілік шартқа сәйкес, «Qaz Energy» («Әлем-Павлодар») ЖШС-мен электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге шарт жасасу арқылы табиғи монополиялар туралы заңнама талабының бұзылғанын жою туралы ұйғарым шығарды.
Алайда, «Атырау Жарық» АҚ ТМРКД-нің ұйғарымын орындамай, сотқа шағым түсірді.
ҚР Жоғарғы Сотының қаулысымен департаменттің ұйғарымы заңды деп танылып, «Атырау Жарық» АҚ-ның шағымы қанағаттандырылмады.
Сондай-ақ, 2023 жылғы 4 қазандағы қаулысымен «Атырау Жарық» АҚ-на 3 430 560 теңге айыппұл салынды.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА