ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызықты статистика жариялады. Мұнда қазақстандық әйелдердің, атап айтқанда, әлеуметтік аударымдар алмайтын, бала күтіміне байланысты декреттік демалыста отырмаған және оқымайтын әйелдердің деректеріне талдау жасалған. Елімізде мұндай әйелдің көп екені анықталды.
Мәселен, Шымкент қаласының бүкіл тұрғынының саны секілді Қазақстанда 1 миллион 295 мың ресми жатыпішер бар.
– Біз өңірлердегі ахуалды түсінеміз, цифрлық отбасы картасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қажетті ақпараты бар SMS жіберіп, қолдау шараларын ұсына аламыз. Біз 8,2 мың жас қазақстандықты жұмыспен қамтып, бұл тәсілді жүзеге асыра бастадық, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана ЖАКУПОВА.
Әлеуметтік желіде жаңалықтарды бөлісіп жүрген сол миллионнан астам әйел, арасында жұмыс істейтін әйелдер де ашуланды: біріншіден, салыстыру үшін бос жүрген еркектер есептелмеген. Екіншіден, шенеунік еліміздің барлық өңірінде орын алып отырған балабақша тапшылығына қатысты өзекті ахуалды қозғамады. Көбінесе осы себепті әйел жұмысқа шықпайды, өйткені ол декреттік демалыстан кейін де үйде балаларына қарауға мәжбүр.
Өкінішке орай, Атырау облысы бойынша мәліметтер жарияланған жоқ, бірақ облыстық білім басқармасының есебіне сүйенсек, бізде балабақша кезегінде 1 мен 6 жас аралығындағы 15 мыңға жуық бала тұр. Бұл баланың барлығының анасы бар, олардың көпшілігі Еңбек министрлігінің статистикасына сүйенсек, елдің негізгі «жалқаулар» тізімінде тұр.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА