Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлар «100 алаңды абаттандыру» жобасы аясында футбол және балалар алаңдарына жүргізілген мониторингі барысында 14 млн теңгеден астам сомаға бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті.
Балықшы шағын ауданында (Құнанбаева 3, Ашенова 2) жарықтандырудың болмауы, ашық сымдар, аулаға шашылған жүздеген тас төсеніштер, сондай-ақ аяқталмаған ойын, футбол алаңы жне т.б. кемшіліктер анықталды. Мән-жайларды нақтылау үшін олар уәкілетті мемлекеттік органдарға eOtinish сервисі арқылы хат жазды, сондай-ақ Антикорға ақпарат жіберді.
Сұратылған құжаттардың негізінде еріктілермен көрсетілген жетіспейтін объектілер, орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінде бар екендігі анықталды. Атап айтқанда, 16 металл жарықтандыру тіректері, 19 көше шамдары, мүгедектерге арналған тұрақ белгілері, бір жақты шаршы жол белгілері, жол белгілеріне арналған дөңгелек металл тіректер, сондай-ақ резеңке үгінділерден жасалған орам жабыны бар деп көрсетілген.
Атап өту қажет, абаттандыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша шарт «Риголит» ЖШС-мен жалпы сомасы 500 млн теңгеге жасақталды. Жұмыстың аяқталу мерзімі-2023 жылдың қараша айы.
Еріктілердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде бұзушылықтар жойылды, жарықтандыру жүргізілді, белгілер орнатылды, резеңке үгінділерден жасалған орам жабыны жайылды.