Атырау, 26 қараша 23:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Доссор тұрғындары өз әкімін сайлады

848 просмотра

Мақат ауданының Доссор кентінде кент әкімін тікелей сайлау өтті. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, Аслан ҚОСМАҒАМБЕТОВ (суретте оң жақта) жеңімпаз атанды. 

А. Қосмағамбетов 1983 жылы Доссор кентінде дүниеге келген. Еңбек жолын «МонтажСервис» ЖШС-де жұмысшы болып бастаған. Кейін Мақат ауданы әкімдігінде түрлі лауазымдар атқарған. 2009-2015 жылдары - Мақат аудандық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, 2016-2022 жылдары - жеке кәсіпкер.

2022 жылдың шілдесінен Доссор кенті әкімін сайлаудағы қазіргі жеңіске дейін «Атырау облыстық «Су арнасы» КМК Мақат аудандық филиалының басшысы қызметін атқарды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Мақат ауданы әкімдігі ұсынған сурет

15 қазан 2023, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.