Атырау, 26 қараша 23:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Скутерші үшін заң жазылмаса, айыппұл салынады

730 просмотра

freepik.com 

30 тамыз күні «Жол қозғалысы туралы» заңына шағын электр көлік құралдары, электр скутерлер, мопедтерді пайдалану ережелеріне өзгерістер енгізілген болатын. Бүгінде облыс аумағында мопед құралдарын пайдаланушы адамдар саны күннен күнге көбейіп келеді, себебі аталған көлік құралы қала көшелерінде еркін қозғалуға қолайлы әрі тиімді, деп хабарлайды ПД.

Заңға енгізілген өзгерістерге тоқталатын болсақ: 

- Электросамокаттар, мопедтер жолдың оң жақ жиегі жүріс бөлігімен 25 км/сағат жылдамдықпен - шектеусіз жүре алады;

- Тротуарларда сағатына 6 км/сағат жылдамдықтан аспайтын жылдамдықпен жүру керек;

- Жүргізуші 18 жасқа толған және шлем киюі тиіс;

- Электросамокатта қол жүктерін, жолаушыларды тасымалдауға тиым салынады. 

Есепті мерзімде облыс аумағында самокат, мопед көліктеріне қатысты заң бұзушылықтардың 300-ге жуық дерегі анықталды. Соңғы күндері 30-дан аса құқық бұзушылық анықталып, бұл арада әлі де электр көлігін пайдаланушы тұлғалардың, оның ішінде жасөспірімдердің құқық бұзу дағдылары азаймай отыр. Атырау қаласы және аудан тұрғындары назарына аталған көлік құралдарын пайдалану кезінде Жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

17 қазан 2023, 18:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.