"АЖ" редакциясына Сырым Датов көшесінің тұрғындары хабарласты. Олардың айтуынша, көшедегі автокөлік жолын қайта қалпына келтіру жұмыстары өте баяу жүріп жатыр, бұл жағдай тұрғындарға өте ыңғайсыз болып тұр.
- Жол жөндеп жатқан құрылысшылар соңғы күндері мүлдем көрінбей кетті. Құрылыс материалдары таусылып қалғанға ұқсайды. Ал біз әлі жол зардабын тартып жүрміз. Кешкісін жұмыстан үйге көлікпен жақындай алмаймыз, ал таңертең ұзын-сонар кептелістен жұмысқа жету қиын. Жөндеу жұмыстары қашан аяқталады? - дейді С.Датов көшесінің тұрғыны Светлана БАКИРОВА.
Атырау қаласы әкімдігі біздің сауалымызға мынадай жауап берді: "Қазір аталған аумақта жұмыстар жоспарға сәйкес кезең кезеңімен жүргізіліп жатыр. Жалпы, жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады".
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ