Атырау, 27 қараша 00:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жолшылар қысқы маусымға дайындалып жатыр

1 054 просмотра

Өңірде автомобиль жолдарын қысқы мезгілге дайындау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әлібек МҰХАНБЕТАЛИЕВ мәлім етті.

Оның айтуынша, бүгінде облыстық жолдар 10 бірлік, аудандық және ауылішілік жолдар 64 бірлік, қала мен қала аумағына қарасты елді мекендердегі жолдар 42 бірлік арнайы техникамен жабдықталған.

- Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстары арнайы мердігерлік ұйымдарға тапсырылған. 116 бірлік арнайы қар тазалау техникалары, 1500 тонна көмір мен тайғаққа қарсы 2000 тонна тұз, 1500 литр реагент, 100 тонна топырақ және 40 тонна жанар-жағар май қоры дайындалды. Сонымен қатар, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында жол жиегіндегі шөпті шабу, шұңқыр жөндеу мен жол белгілерін жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Ә.Мұханбеталиев.

Айта кетейік, Атырау облысы бойынша пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6598,4 шақырымды құрайды. Оның ішінде, 1125,6 шақырым республикалық, 1927 шақырым облыстық және аудандық маңызы бар жолдар. Ал 1910,9 шақырым ауылішілік, 1634,9 шақырым қалалық және қала аумағына қарасты елді мекендердегі жолдар. 

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

13 қазан 2023, 13:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.