Тұрғындардың сұранысына байланысты келесі жылы Әбілхайыр хан даңғылы бойымен және Водников елді-мекеніне қатынайтын екі жаңа маршрут шығару жоспарланып отыр. Бұл туралы "Smart Atyrau" Коммуналдық ММ директоры Арслан АРОНОВ мәлім етті.
Бүгінде Атырау қаласында 31 бағыт бойынша 249 қоғамдық көлік қызмет етеді. Аталған бағыттардың 13-і ауылдық округтер бойынша болса, 18-і қала ішілік бағыттар.
- Қаланың кеңеюіне байланысты жаңа маршруттар қосуға сұраныс бар. Мысалы, Нұрсая бағытына қатынайтын маршруттардың барлығы ықшамауданның ішкі жолдарымен жүреді. Қазір Әбілхайыр хан даңғылы бойында бірнеше көпқабатты үйлер пайда болды. Бином мектебі ашылды. Сол себепті Әбілхайыр хан даңғылымен жүретін жаңа маршрут шығаруға келесі жылы конкурс өткіземіз. Сонымен қатар Водников елді мекеніне де жаңа маршрут қосамыз, - деді А.Аронов.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті түсірген автор