Атырау, 27 қараша 00:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырау облысының биылғы 9 айдағы ауыл шаруашылығы көрсеткіштері

1 386 просмотра
freepik.com
Ұлттық статистика бюросы биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстандағы мал шаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіштерін жариялады. «АЖ» Атырау облысындағы осы саланың дамуы туралы статистикалық мәліметтерді іріктеп алды. 

Өңірде 9 айда барлығы 38609,6 тонна (тірі күйіндегі салмағы) мал мен құс сойылды немесе сою үшін сатылды, бұл республикалық көрсеткіштің небәрі 2,5 пайызын (1,5 миллион тонна) құрап отыр. Ал Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында, Ұлытау өңірінде және Астана мен Алматы мегаполистерінде мал бізден аз сойылады.

Атырау облысының тұрғындары ненің етін алады?

- Ірі қара мал (18 512,7 тонна);

- қой (8 273,55 тонна);

- жылқы (6 735,95 тонна);

- Түйе (2 988,71 тонна), бұл жерде облысымыз республика бойынша көш бастап тұр;

- ешкі (1999,1 тонна);

- құс еті (94,3 тонна);

- шошқа (5,4 тонна).

2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыстың барлық шаруашылықтары 59 215,8 тонна сиыр сүтін өндірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,9%-ға жоғары. Бірақ, жалпы алғанда, біздің облыста сүтті мал шаруашылығы дамымаған, бұл Қазақстанның барлық аймағымен салыстырғанда ең төменгі көрсеткіш. Сүттің көп бөлігі облыс тұрғындарының жеке шаруашылықтарында өндірілді. Бір сауын сиырдан сауылған орташа сүттің көлемі 1153 тоннаны құрады, бұл жалпы республикалық көрсеткіш бойынша айтарлықтай төмен.

Осы кезеңде 5 154 500 дана тауық жұмыртқасы алынды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 есе аз. Көп бөлігі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында (3 430 000 дана), қалғаны облыс тұрғындарының жеке шаруашылықтарында өндірілді.

2023 жылдың 9 айында сойылған малдан 151 46 ірі және 54 594 ұсақ тері алынды. Облыс шаруалары небәрі 809 тонна қой жүнін қырықса, республика бойынша бұл көрсеткіш 41 709,3 тоннаны құрап отыр.

Атырау облысында 1 қазанға дейінгі мал басының саны:

Қой – 518 417 бас;

Ірі қара мал – 221 305 бас;

ешкі – 132 071 бас;

жылқы – 118 590 бас;

құс еті – 93 178 бас;

Түйе – 38 387 бас;

шошқа – 292 бас.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

13 қазан 2023, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.