Атырау қ. Әкімшілік соты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1 бабы («Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру») бойынша істі қарады. Сотта анықталғандай, азамат Д. қоғамдық орында азамат Г.-ға тиесілі автокөліктің мемлекеттік нөмірін түсіріп алып, қоқыс контейнеріне тастаған. Д. өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінді. Сот оған 48 300 теңге көлемінде айыппұл салды.
* * * * *
Құрманғазы аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі («Жүргізуші куәлігі жоқ адамның көлік құралын жүргізуі») бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
Сотта анықталғандай, Б.С. «ВАЗ-2107» көлігін құжатсыз әрі мас күйінде басқарған.
Сот отырысында Б.С. өз кінәсін толық мойындады. Оған 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылды.
* * * * *
Атырау қ. әкімшілік соты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 514-бабының 2өбөлігі («Шетелдіктің ҚР Мемлекеттік шекарасы режимін бұзуы») бойынша істі қарады.
Сот анықтағандай, Ресей Федерациясының азаматы Л. Қазақстанға ҚР мемлекеттік шекара режимін бұза отырып келген.
Сот отырысында Л. кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінді. Оған 69 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА