Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алмас СӘРСЕНОВ мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Атырау қаласына және қалаға қарасты елді мекендегі автокөлік жолына және жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілерін орналастыру, Атырау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы нұсқамасына сәйкес орындалады, - деді А.Сәрсенов. Оның айтуынша, жаңа жол белгілері пайда болған уақытта әлеуметтік желіге міндетті түрде жарияланады.
- Жаңа жол белгілерін орнатып немесе жаңарту жұмыстары №1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары» туралы Қазақстан Республикасының стандартына сәйкес жүргізіледі, - дейді ПД баспасөз хатшысы Мейірім ЕРДӘУЛЕТ. - Жол белгілері табиғат күштері немесе жол-көлік апаттары әсерінен жарамсыз болған жағдайда, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне нұсқаулық береміз.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА