Атырау, 22 маусым 12:30
 дождьВ Атырау +25.5
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

Ардагерлер ұйымдарының өкілдері "Жас сарбаз" байқауының жеңімпаздарын марапаттады

Сурет
1 051 рет қаралды

Атырау облысы бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департаменті ардагерлер ұйымдарының (ҚР ӘК, Семей ядролық сынақ полигоны, 80 жылдардың соңындағы Қарабахтағы жанжал, тәжік-ауған шекарасын қорғау) төрағаларымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында атқарылған жұмыстардың қорытындысы айтылып, ардагерлердің әскердің имиджін көтеруге, әскердегі қызметті насихаттауға және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге қатысуын арттыру мәселелері талқыланды. Ардагерлерді әлеуметтік қамту мәселелері де назардан тыс қалмады.

Жиын соңында ардагерлер ұйымдарының төрағалары "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубы байқауының қатысушыларын марапаттады. 


Жомарт ӘМІРХАНОВ

13 қазан 2023, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.