Атырау, 28 қыркүйек 18:25
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Атыраулық оқушылар Абу-Дабиден жүлдемен оралды

Сурет Бейнежазба
901 просмотра

12 қазанда Абу-Даби қаласында өткен халықаралық зияткер оқушылар сайысында командалық есеппен 2 орын және жекелей 7 алтын медаль жеңіп алған атыраулық оқушыларды бүгін Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы мен ата-аналары, достары әуежайдан салтанатпен күтіп алды.

Халықаралық «Owlypia Global» жарысы 7-10 қазан күндері Абу-Даби қаласында өткен. Жарысқа Әзірбайжан, Түркия, Индонезия, Татарстан, Танзания, Занзибар, Босния, Қырғызстан, Филиппины, Румыния және Қазақстан елдерінен жалпы саны 68 команда қатысты. Отандық команда құрамында Атыраудағы NIS-тен 9 оқушы қатысып, жоғары көрсеткішке жетті. Олардың 7-і алтын медальге ие болды. Атап айтсақ, Ақбота Шавалиева, Амина Бакирова, Яссауи Уалихан, Ролан Ахмет, Айзере Утегенова, Жанұя Жарас, Жанерке Ерболатовалар алтын медаль жеңіп алды. Ал  Ғалия Мәлік күміс медаль алса, Ерлан Ерасыл қола медаль иеленді. Осылайша жалпы командалық есепте атыраулық жерлестер Филиппин командасынан кейін екінші орын алды. 

- «Owlypia Global» халықаралық олимпиадасының ерекшелігі оқушылардың интеллектуалдық, академиялық білімдерін тексереді. Сондай ақ сыни тұрғыда ойлап, жауап беруін сынайды, - дейді оқушыларды қарсы алуға келген Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Ерғали БИЖАНОВ. - Оқушыларымыздың осындай үлкен жетістігіне қуанып тұрмын!   

Яссауи УАЛИХАН

- Жарыс болатынын хабарлаған сәттен бастап жан-жақты ізденіп, дайындала бастадым. Жарысқа барған кезде де бізге әр түрлі кітаптар, мақалалар, фильмдер көруді ұсынды. Сөйтіп алғашқы жарыста біз оқыған материалдарымыз бойынша тест тапсырдық. Одан кейін басқа елдің командаларымен қарсыласып дебат өтті. Кейін эссе жазу, берілген тақырыпта өз ойымызды жеткізіп айту бойынша сындардан өттік, - дейді 10 сынып оқушысы Яссауи УАЛИХАН. - Мен мектебімнің, ата-анамның үмітін ақтап, алтын медаль еншілегеніме қуаныштымын. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор 

12 қазан 2023, 20:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.