Атырау, 13 мамыр 02:08
 дождьВ Атырау +21.7
$ 463.91
€ 544.63
₽ 6.26

Атырау-Ақпаратқа жаңа басшы тағайындалды

1 142 рет қаралды

“Атырау-Ақпарат” медиа-холдингінің басшысы болып 31 жастағы Нұрболат ЕЛЕУСІНОВ тағайындалды (суретте - оң жақта). Оны ұжымға Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы таныстырды.

Нұрболат Мақсотұлы 2013 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы – журналист.

Еңбек жолын мемлекеттік қызметте бастаған. 2013-2017 жылдары Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы болған. Ал 2017-2022 жылдары ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөліміне басшылық еткен. 

2022 жылдан бүгінге дейін Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

«Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің құрамында екі облыстық, жеті аудандық газет пен екі тілдегі арнайы сайт, баспахана бар.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

12 қазан 2023, 19:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.