Биыл облыста жергілікті бюджет есебінен халықты төтенше жағдайлар кезінде құлақтандыру жүйелерімен жарақтандыруға 407 млн 700 мың теңге қаржы бөлінді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Халықты төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі басты іс-шаралардың бірі - оны табиғи және техногендік сипаттағы қандай да бір қауіпті факторлардың туындауы немесе туындау қатері туралы уақтылы хабардар ету, - деді ТЖД ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы Дастан ЕСБОСИНОВ. - Шілде айында мемлекеттік сатып алу шарттарына сай конкурс өткізіліп, «ТКПС – Казахстан» ЖШС мекемесі жеңімпаз атанды. Құрманғазы және Қызылқоға аудандарының елді мекендеріне құлақтандыру жүйелерін желтоқсан айына дейін орнату жоспарланған.
Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша 114 бірлік құлақтандыру жүйесі жұмыс істеп тұр, бұл жарақтандырудың 41,5% құрайды.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА