Атырау қаласы аумағында жасөспірімдердің жол-көлік оқиғаларынан жарақаттануының алдын алу, көшелермен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдыларын нығайту мақсатында атқарылып жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан жыл басынан бері балалардың қатысуымен 30-дан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 6 жасөспірім қаза болып, 33 жасөспірім әр-түрлі дене жарақатын алып отыр, деп хабарлады Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.
"Құрметті ата-аналар, қазіргі уақытта балалардың жолда жүру қауіпсіздігі сіздерге толықтай жүктелгендіктен балаларыңызды қараусыз қалдырмауларыңыз және көлік жүргізушілері сіздер де көлік басқару кезінде жол жүру ережесін қатаң сақтауларыңыз сұралады", делінген хабарламада.
Дені сау ұрпақ біздің болашағымыз екендігін ұмытпағандарыңыз абзал.
ПД ұсынған видео