Атырау, 27 қараша 00:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Өңірдегі жолдарда жыл басынан бері үй жануарларының қатысуымен 100-ден аса жол-көлік оқиғасы тіркелді

Бейнежазба
579 просмотра
Видеодан алынған скриншот

Атырау облысы аумағында соңғы 9 айда тас жолдарда үй жануарларының қатысуымен 111 жол-көлік оқиғасы орын алды. Олардың көбі қала сыртындағы тас жолдарда болып отыр.

Мәселен, 11 қазан күні сағат 23:50 шамасында республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолының 577 шақырым тұсында Lada Largus автокөлігі жылқы малын қағып, жол-көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан жүргізушісі және жолаушысы әр-түрлі дене жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

Үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі түнгі уақытта орын алады.
Себебі тәуліктің қараңғы уақытында бір-біріне қарсы жүрген автокөлік жүргізушілері алыс жарық фарын өзіне қарсы жүріп келе жатқан автокөлік әбден жақындағанша өшірмеу салдарынан жүргізушінің көзі фарға шағылысып, жол үстінен өткен малды көрмей соқтығысып жатады. Бұл оқиғада жүргізуші мал айдау жол белгісі бар аумақта мал айдаушы бақташы болған кезде үй жануарын қағатын болса, онда кінә жүргізушіге артылады, ал мал айдау жол белгісінен тыс жерде және мал айдаушы болмаған жағдайда жауапкершілік үй жануарының иесіне артылады.

Айта кетейік, жыл басынан бері иесіз мал жайылымының алдын алу мақсатында ҚР ӘҚБтК 408-бабы (ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша 583 тұлға жауапкершілікке тартылды.


12 қазан 2023, 09:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.