Атыраудың ең адал үш азаматы пара туралы хабарлағаны үшін жалпы сомасы 2 миллион теңгеден астам ақша мен бір алғыс хат алды.
Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ерұлан СЕРІКҚАЛИЕВТІҢ «АЖ»-ға хабарлауынша, бірінші азамат қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін өзінен пара талап еткенін хабарлағаны үшін сыйақы алған. Өкінішке орай, істің мән-жайы, сондай-ақ арызданушының дәл осы қылмыстық жауапкершілікке тартылған ба, бұл жөнінде ақпарат айтылмады, бірақ ол өз сыйлығын алған. Антикордан өзіне ақшаға әкімшілік жауапкершіліктен құтылу ұсынылғанын жасырмаған тағы бір азамат та сыйақы алды.
Үшінші адал азаматқа салтанатты түрде алғыс айтылды. Ол өзіне пара бермек болғанын, бірақ парасатты азамат ретінде бас тартқанын айтып, тиісті орынға хабарлаған.
Превенция және парасаттылық басқармасы бас маманы Айдана АМАНИЯЗОВАНЫҢ айтуынша, бұрын Үкімет қаулысымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу қағидалары бекітілсе, енді бұған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының өзі тікелей айналысады. 15 қыркүйектен бастап жаңартылған ынталандыру жүйесіне сәйкес, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтар сараланған сыйақы мөлшерін ала алады. Яғни, пара немесе келтірілген залал сомасы 1000 АЕК-тен (3 063 000 теңге) асса – сыйақы көрсетілген соманың 10%-ын құрайды, бірақ 4 000 АЕК-тен (12 252 000 теңге) аспайды. Пара немесе келтірілген залал сомасы 1000 АЕК-тен (3 063 000 теңге) аспаса – сыйақы 30-дан 100 АЕК-ке дейін болады.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА