Қоршаған ортаның тазалығы ортақ іс. Алайда қоқысты көшеге тастай салу кейбір аудандарда қалыпты әдетке айналған. Сондай-ақ, қалалар мен елдімекендердің айналасында рұқсат етілмеген қоқыс орындары көбейген. Осыған орай, 9-16 қазан аралығында тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын тиісті белгіленбеген жерлерге тастамау бойынша алдын-алу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Атырау облысы полиция департаменті.
10 қазан күні Атырау қаласы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары және Атырау облысы бойынша экология департаменті, "Арнаулыавтобаза" ЖШС қызметкерлері бірлесіп Геолог, Ақсай ықшам аудандарында анықталған қоқыс қалдықтарына бақылау жүргізді.
Айта кетейік, жыл басынан бері Атырау қаласында ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бап(яғни ортақ пайдаланатын белгіленбеген орындарға қалдықтар тастау) бойынша 3100 құқық бұзушылық анықталып, осы заң аясында бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Ал, 505-бап бойынша(яғни қалалардағы абаттандыру қағидаларын бұзу)-1544 құқық бұзушылық анықталып отыр.