Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдығына орай, Мысыр астанасы Каир қаласының Р.Отарбаевтың “Бейбарыс” әфсанасын сахналады.
Қойылымның режиссері Мұқанғали Томанов, суретшісі Темірбек Мұхтаров. Көрермендер туындыны жақсы қабылдады. Шараға қатысқан Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Қайрат Лама Шариф, Калюбия губернаторы, генерал Абдулхамид Ал-Хагтан жылы лебіздерін білдірді.
Жергілікті жұртшылыққа ұғынықты болу үшін спектакль араб тіліне тәржімаланып, субтитрмен жазылған мәтін сахна алдындағы үлкен экраннан берілді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суреттер мен бейнежазба мәдениет басқармасының парақшасынан