Атырау, 14 қаңтар 12:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

«Қару» іс-шарасы: 12 қару тәркіленіп, 21 тұлға әкімшілік жауапқа тартылды

Бейнежазба
772 рет қаралды
Видеодан алынған скриншот

Атырау қаласы аумағында атыс қаруын, жарылғыш заттарды қолдану арқылы жасалатын қылмыстарды ашу және алдын алу, сондай-ақ, қару иелерін тұрғылықты жері бойынша тексеріп, олардың қаруды пайдалану, ұстау және сақтау талаптарын орындауын тексеру мақсатында 4-9 қазан аралығында «Қару-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара кезінде Атырау қаласының полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің азаматтық қызметтік қару айналымын бақылау тобының қызметкерлері қала аумағындағы қыстақтарға тексеру жұмыстарын жүргізіп, 1989 ж.т. азамат өз еркімен 1 дана тегіс ұңғылы аңшылық қаруын тапсырды.

Сонымен қатар, жедел-профилактикалық іс-шара кезінде барлығы 12 қару тәркіленіп, 21 тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 484 және 486 баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.


11 қазан 2023, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.