Атырау, 21 қараша 19:42
 ашықВ Атырау +3
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

«Жібек жолы» би студиясы: «Жақсылық жасау – әр адамның ішкі қажеттілігі»

1 244 просмотра

Қала тұрғындарының ақшалай көмегі мен қайырымдылық концерттерінің арқасында атыраулық отбасы 2 жасар Руфинаның нейробластомасын емдеуге қажетті қаражат жинады.

Қазір Руфина сауығып келе жатыр. Айтпақшы, қаламыздағы қайырымдылық концерттері - ауыр дертке шалдыққан кішкентай науқастарды емдеуге қажетті қаражатты жинаудың басты жолдарының бірі. Көбінесе жиналған қаражаттың өте маңызды үлесі осы концерттердің еншісінде. Ең белсенділердің бірі – «Жібек жолы» би студиясы 6 жылдан бері қайырымдылық концерттерін өткізіп, көмек қаржы жинап келеді. Айтпақшы, олардың бір концертінен Руфинаның отбасылық есепшоты 1 миллион теңгеге толықты.

- Біз балалар үйінің тәрбиеленушілерін өз іс-шараларымызға шақырып, оларға көңіл бөлуге тырысамыз, - дейді «Жібек жолы» көркемдік жетекшісі Әйгерім ХОЖАЕВА. - Біздің ең маңызды көрермендеріміз - қашан да мүмкіндігі шектеулі балалар. Жәрмеңкелер, қалалық концерттер – біз қаладағы маңызды шаралардың ешқайсысын жіберіп алмауға тырысамыз. Біздің ерекше мақтанышымыз - ерекше балалардың қатысуымен сән көрсетілімін ұйымдастыру. Ең бастысы, бишілеріміздің баршасы өз талантының дұрыс мақсатқа бағытталғанын біледі, олар мейірімді, жанашыр болып өседі. Жақсылық жасау қалыпты жағдай, бұл әр адамның ішкі қажеттілігі.

Әйгерімнің айтуынша, би тобы жылына екі рет басқа би орталықтарын да шақырып, емделуді қажет ететін нақты балаға қайырымдылық концертін ұйымдастыруды өз мойнына алады. 28 қазан күні сағат 15.00-де Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында өтетін кезекті маңызды қайырымдылық концерті балалардың сал ауруы диагнозы қойылған Ташу Ақтолқын есімді қызға арналған. Кіру  құны – 2 мың теңге. Қайда жұмсалатынын білсеңіз, соншалықты көп ақша емес.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

«Жібек жолы» би студиясы ұсынған суреттер

10 қазан 2023, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.