Қала әкімдігінің сайтында 2023 жылдың IV тоқсанында Атырау қаласының әкімі Шәкір КЕЙКИННІҢ, оның орынбасарларының және әкім аппараты басшысының жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі жарияланған.
Сонымен, қала әкімі әр бейсенбі сайын, әкім орынбасары Серік НЫСАНБАЕВ әр сейсенбіде, орынбасары Ерболат ОМАРОВ әр сәрсенбіде, орынбасары Нұржан ЕРМҰХАНОВ – жұма күндері келушілерді қабылдайды. Әкім аппаратының басшысы Самат ЕМБЕРГЕН қала тұрғындарын бейсенбі сайын күтеді.
Қалалық әкімдік ғимаратының бірінші қабатындағы фронт-кеңсенің №108 кабинетінде алдын ала жазылады. Байланыс телефоны: 27-10-30. Қабылдау уақыты басшылықпен алдын ала келісіледі.
Жомарт ӘМІРХАНОВ