Атырау, 27 қараша 01:19
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырауда «ZHAS PROJECT» жобасына өтініш қабылдау басталды

938 просмотра

«ZHAS PROJECT» 2019 жылдан бастап әлеуметтік осал топтағы жас қазақстандықтарға қолдау көрсетіп, олардың ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес-идеяларын қаржыландырып келеді. Биыл 9 қазаннан бастап жобаға өтініштерді қабылдау басталды. Бұл туралы «Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту ассоциациясы республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Зульфия КУБЕЕВА баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Жобаның мақсаты - NEET санатындағыларға жағдай жасауға және жастар бастамаларын қолдау. Мұндағы қойылатын талап - еш жерде жұмыс жасамауы тиіс, сонымен қатар ешқайда оқымаған 35 жасқа дейінгі азамат болуы керек. Өтініштерді онлайн түрде 9 қазаннан бастап 22 қазанға дейін қабылдаймыз. Жоба туралы барлық ақпаратты www.zhas-project.kz сайтынан ала аласыздар. Грант көлемі 1 млн теңгені құрайды, - дейді З. Кубеева.

Оның айтуынша, өтініштерді қабылдап, барлық техникалық тіркеуден өткеннен кейін қатысушыларды таңдап, бизнес жобаға байланысты онлайн түрде оқу өткізіледі. Содан кейін таңдалған адамдар комиссия шешімі бойынша аталған грантқа қатысады. Атырау облысы бойынша тек 8 адам ғана грантты ұтып ала алады. 23-31 қазан аралығында грантты жеңген қатысушылар анықталады. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ ұсынған сурет

10 қазан 2023, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.