Атырау тұрғыны Ерғалым КАРПЕКОВ туған қаласына деген сүйіспеншілігін өзінше білдірді.
Айтпақшы, 2016 жылы қала тұрғыны Исатай мен Махамбет алаңында «Мен сүйемін» стелласының алдында алғаш рет «Атырау, махаббатқа сенемін» музыкалық композициясы әуенінде (ооындаушы Li Long) топ-рок стилінде би орындады.
Осы жолғы қала күні мерекесіне ол хореография арқылы биік сезімін білдірді. Араға 7 жыл салып, кәсіби емес, бірақ талантты биші Ретро саябағындағы "Дос Мұқасан" тобының ескерткіші аясында Илюжин деп аталатын басқа заманауи стильде биледі. Әсіресе баршаға белгілі «Той жыры» әуенімен ерекше көрінді.
- Осы жерде туып-өстім, осында өз махаббатымды және достарымды кездестірдім, - дейді 53 жастағы биші. – Осы үшін ризамын. Туған күнің құтты болсын, Атырауым!
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Е. Карпековтің бейнежазбасы