«Белсенді азаматтар 06» телеграм-чатында Атырау-Доссор тас жолында басып озу ережесін бұзу туралы бейнежазба жарияланды. Жол полициясы шағымға әрекет етті.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 2-бөлігі («Көлік құралын жолдың жүріс бөлігінде орналастыру, қарсы келе жатқан қозғалыс немесе басып озу қағидаларын бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Құқық бұзушылықтың бұл түрі 15 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалауға әкеп соғады.
Жомарт ӘМІРХАНОВ