«Атырау Энергосату» ЖШС электрмен жабдықтау қызметтерінің бағасын көтеруді жоспарлап отыр, деп хабарлады Атырау облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаменті.
Алдағы бағаның көтерілуі туралы хабарлама бойынша қоғамдық тыңдаулар 2023 жылдың 16 қазанында сағат 11:00-де Махамбет көшесі, 110 а, 5 қабатта «Атырау Энергосату» ЖШС-нің мәжіліс залында өтеді.
Департамент депутаттарды, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестік өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, БАҚ өкілдерін және барлық мүдделі тұлғаларды қоғамдық тыңдауға шақырады.
Тыңдаулар бір уақытта департаменттің ресми парақшасында және Facebook әлеуметтік желісінде онлайн режимінде өтеді. Онлайн қатысу үшін https://www.facebook.com/profile.php?id=100049879130065 сілтемесі бойынша өту керек немесе Facebook желісінде «Атырау-Табиғи-Монополияларды Реттеу-Департаменті» атауын енгізіп іздеңіз. Кез келген адам онлайн режимінде сұрақ қоя алады.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА