Атырау, 27 қараша 01:28
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырау облысында балық аулау лимиті игерілмеуі мүмкін

Бейнежазба
663 просмотра
Видеодан алынған скриншот

Қазір аулау жоспарға сай жүргенімен, балық аз, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Балықшылар берілген лимиттің тек 10% игерген. Теңіздің табанын тереңдету жұмыстары жедел жүргізілмесе, балық аулау қиындайды, - дейді мамандар. Қазірдің өзінде ауланатын балық көлемі балықшылардың шығынын өтемейді. Таң ата Жайық бойымен теңізге аттанған балықшылар түс ауа бос қайтады. 2-3 жыл бұрын тонналап балық тапсыратындар енді тек 40 келідей әкеліп жүр. Су деңгейі төмендеп кетіп, қайықтар қайраңда қалып жатыр.

Сейілхан Жұмағазиев, балықшы:

- 50 шақырымға барып келгендегі шығыныңды ақтамайды. Балық жоқ қазір. Балық енді алға қарай көрінбесе, қайдан білейін. Бұйырғанын көреміз. Теңіздің суы – 15-20 сантиметр, таяз. Ауыздан шығу да қиын. 

Жасталап Құспанов, балықшы: - Қайық өте алмайды, тап-тайыз. Балықтың жағдайы, міне, шамалы. Балық жоқ. Судың тартылып кетуіне байланысты бәрі. Қайық өте алмай жатыр, итеріп өтеміз. 

Асланбек Шығыр, тілші: -

Бұрын 400-500 келіге дейін, тіпті тоннаға дейін балық таситын балықшылар қазір тек күніне 30-40 келі балық әкеліп тапсырып жатыр. Су деңгейінің төмендеуі салдарынан балықшылар теңізге шыға алмай әлек. Енді бөлінген лимитті игере алмау қаупі бар. 

Биыл Жайық өзені бойынша 4200 тонна, ал Каспий теңізіне 7200 тонна лимит бөлінген. Бірақ игеру көрсеткіші көңіл көншітпейді. Қазір су айдынындағы 20-дан аса кооперативтің жұмысшылары орта есеппен алғанда берілген лимиттің тек 10% жуығын игерген. 

Амангелді Ақтанов, Дамбы балық инспекциясы бөлімінің бас маманы: 

- Теңіз бағытынан қайықтар келіп жатыр. Балықшылардың айтуынша, су жоқ. Итеріп шығамыз, итеріп кіреміз деп жатыр. Теңіз бағытынан ауланған балықтар – сазан, сыла, табан балықтарының көлемі жақсы. Өте уақ емес. Қазір Жайық бойы мен теңізде ау тартқан балықшылардың жағдайы мәз емес. Су маржандарын сүзіп, күнін көріп отырғандар үшін бұл мәселе бас ауруына айналған. Тереңдету жұмыстарын жедел жүргізу керек деп балықшылар дабыл қағып отыр.

9 қазан 2023, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.