Атырау, 26 қараша 22:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қызылқоға тұрғындары: «Байланыстың мүлдем үзілері сөзсіз!»

900 просмотра

Көктемде Ойыл өзені қатты тасып, аудан орталығы Миялы ауылының кіреберісіндегі көпір бұзылған болатын.

Анықталғандай, Ойыл өзені арнасынан аса тасып, салдарынан төтенше жағдай орын алған болатын.

- Топан су қатты келгені сонша, арналарды ашуға тура келді. Аудан орталығындағы біраз үйлерді су басу қаупі туды. 1993 жылы дәл осындай жағдай орын алып, ауыл суға кеткен еді, - дейді жергілікті әкімдік.

Көпір бұзылғаннан кейін оның орнына уақытша айналма жол төселген. Бірақ қыс пен күзде топырақты жол батпаққа айналып, қиындық туғызатынын жүргізушілер жасырмайды.

- Жол деген аты ғана, жаздай топыраққа көмілдік. Оның үстіне, жол дұрыс төселмегендіктен ойыс жері көп. Көлігіміздің дөңгелегі жиі істен шығуда. Жаңбыр маусымы басталса, ауданмен байланыс мүлдем үзілетіні сөзсіз, - дейді жергілікті жүргізуші.

«АЖ»-ға Қызылқоға ауданы әкімшілігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, жаңбырдан кейін жол бойындағы су тартылып жатыр, бұл жұмыстар аяқталған соң көпір құрылысы басталады. Нақты уақыты жарияланбады.

Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша, жобалық-сметалық құжаттары 2022 жылы дайындалып, жобаны аяқтау мерзімі 2023 жылдың басына жоспарланған. Жобаның құны 2,7 млрд теңге. Миялыдан шығатын жолды су басқандықтан, бұл жоба қазір қайта қаралып, параметрлері өзгертілуде. Осыған байланысты құрылыс құны азаяды дейді мамандар. Нақты бағасы желтоқсан айында мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін белгілі болады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

23 қазан 2023, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.