Әлеуметтік желіде қазақтың ұлттық туы қоқыста жатқаны туралы бейнежазба тарады. Бейнежазбаны түсірушінің айтуынша, бұл жағдай Қарабатанда, "итальяндық компанияның" аумағында орын алған.
Атырау облысының Полиция департаменті хабарлағандай, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 372-бабына ("Мемлекеттік рәміздерді қорлау") сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды