Атырау, 27 қараша 01:36
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жылыой ауданындағы бес ауылда жаңа жолдар салына бастады

1 074 просмотра

Жылыой ауданында ауылішілік жол салу жұмыстары басталды. Асфальт Шоқпартоғай, Ақкиізтоғай, Майкөмген, Қосшағыл және Тұрғызба ауылдарына салына бастады, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шоқпартоғай, Майкөмген ауылдарына 3,4 км, Тұрғызба, Ақкиізтоғай ауылдарына 3,8, Қосшағыл ауылына 2,4 шақырым жол салына бастады. Мердігер мекемелер - «Армандастар Атырау» ЖШС және «Казкомсервис» ЖШС.

- Ауылішілік жол салу жұмыстары осы жылдың қыркүйек айында басталды, 2024 жылдың жаз айларында аяқтау жоспарлануда. Қазіргі таңда жері тегістеліп, құм қиыршық тас (ПГС) қоспасы толықтай төселді. Енді қиыршақ тас (щебень) төсеу жұмыстары басталуда,- деді аудандық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің бас маманы Бекет БОЗЖІГІТОВ.

Бұған дейін Қосшағыл ауылында 9,5 шақырым, Ақкиізтоғайда 700 метр, Тұрғызбада 7 шақырым, Шоқпартоғай ауылында 10,8 шақырым жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген.

Айта кетейік, аталған ауылдық округтерде 13 мыңнан астам тұрғын бар. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған суреттер

10 қазан 2023, 12:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.