Атырау қаласы күніне орай Жайықтың оң жағалауында Сұлтан Бейбарыс алаңында қос бірдей жаңа ескерткіш пайда болды.
Оның бірі оюмен әрленіп, торсық пішінінде жасалған ескерткіш. Төменгі жағына «Алтын бесік Ақтөбеден – мұнайлы астана – Атырауға сый-тарту» деп жазылған. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Атырау қаласы күніне Ақтөбе қаласы әкімдігінің атынан тарту етілген.
Осы маңға ақтөбелік тағы бір жеке мекеме қала тұрғындарының демалып отыруына арнап, заманауи дизайнда жасалған екі орындықты тарту еткен. Орындықтардың әрқайсыңда телефон қуаттауға арналған 16 USB порт және 100 метрге дейінгі аумақты қамтитын тегін WI-FI қосылған.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор