Атырау, 27 қараша 04:51
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Израиль армиясы Батыс жағалауда 13 палестиналықты өлтірген

518 просмотра
Фото ашық дереккөзден

Израиль армиясы Батыс жағалауда 13 палестиналықты, оның ішінде бір баланы өлтірген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасы мәлімдеді.

«7-8 қазан аралығында сағат 21:00-де (8 қазан) Израиль әскерлері Батыс жағалаудың түрлі ауданында 13 палестиналықты, оның ішінде 12 жастағы баланы өлтірген», - делінген хабарламада.

Палестиналықтардың бірі Әл-Луббан әл-Гарбие (Рамаллах) маңында израильдік әскериге шабуыл жасау немесе пышақпен өлтіруге әрекет еткен кезінде қаза тапқаны атап өтілді.

Тағы бір адам Дейр Шараф (Наблус) өткелінің маңында палестиналықтар мен израильдік күштер арасындағы қарулы қақтығыс кезінде оққа ұшқан.

Хабарламада қалған 11 палестиналықтың еврейлердің құрылыс салуына қарсы наразылыққа шыққанда және басқа да қақтығыстар кезінде қаза тапқаны айтылды. Белгілі болғандай, жасөспірімнің ішіне оқ тиіп, ауруханаға бара жатқанда көз жұмған. 

Еске салайық, 7 қазанда таңертең Газа секторынан Израильге зымырандық шабуылдар басталып, артынша содырлар тобы еврей мемлекетінің аумағына басып кірген болатын. Соның салдарынан 700-ден астам израильдік қаза тапқан. Израиль армиясы «соғысқа әзірлік жағдайын», көп ұзамай «Темір қылыштар» операциясын бастағанын жариялады.


9 қазан 2023, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.