Атырау, 27 қараша 08:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​«Атырау – Маңғыстау» және «Атырау – Ақтөбе» бағытындағы пойыздар жаңа вагондармен толықты

741 просмотра
Фото: railways.kz

Елордаға қазақстандық «ЗИКСТО» зауыты шығарған заманауи екінші класты және купелік жеңіл вагондардың бірінші партиясы жеткізілді. Олар пойыздар құрамында «Қарағанды – Жезқазған», «Атырау – Маңғыстау», «Атырау – Ақтөбе» бағыттарында жүретін болады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

"Вагондар ауа баптау, бейне бақылау және өрт сөндіру жүйесі мен жабдықталған.

Тоңазытқыштар, микротолқындыпештер, ішетін суы бар диспенсер мен және ыстық су титаны бар. Электррозеткалары орнатылған.

Жаңа вагондар мен елдің батыс бағытында жүретін құрамдарды жаңарту жоспарлануда.

Фото: railways.kz

Сондай-ақ, 2025 жылдан бастап Stadler компаниясының экологиялық таза дәретхана кешендерімен, электррозеткаларымен, бейне бақылау жүйесімен, USB, сондай-ақ ауаны баптау жүйесімен жабдықталған заманауи вагондарын жеткізу басталады. 2030 жылға дейін 537 вагон сатып алынады. 

Соңғы 10 жылда "Жолаушылар тасымалы" АҚ паркі 50% жаңартылды. Қауіпсіздік, жайлылық және экологиялылық бойынша заманауи халықаралық талаптарға жауап беретін 1200 астам вагон сатып алынды. 

"Жолаушылар тасымалы" АҚ-дан басқа Қазақстанда жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдауды 13 жеке компания жүзеге асырады".

13 қыркүйек 2023, 13:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.