Атырау, 4 ақпан 16:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55

Атырау-Астрахань тас жолында 80 келі бекіре балығы тиелген көлік ұсталды

1 049 рет қаралды
ПД видеосынан алынған кадр

Атырау-Астрахань тас жолында бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз ұстаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«5 қыркүйек күні сағат 5:30 шамасында Атырау облысы ПД-нің жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Атырау-Астрахань тас жолы Аққыстау ауылының тұсында, күдік тудырған Lada Kalina маркасы автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде, 1997 ж.т. жүргізушінің көлігінің жүксалғышынан шамамен 80 кг бекіре тұқымдас балық табылды,- делінген хабарламада.

Қазіргі таңда, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекісінің 335-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

13 қыркүйек 2023, 13:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.